Өскеменде Борис Александровтың құрметіне халықаралық турнир құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Борис Александровтың құрметіне халықаралық турнир құрылды

Өскеменде Борис Александровтың құрметіне халықаралық турнир құрылды

Борис Александровтың кубогы үшін шайбалы хоккейден жастар арасындағы турнирхалықаралық дәстүрлі турнир статусын алды, деп хабарлайды Өскемен әкімінің баспасөз қызметі.

  • 16 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Біз жас хоккейшілер командаларының кездесуін жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жүлде қорының көлемі Т2,3 млн көлемінде белгіленді», — деп хабарлайды әкімдік.

Әкімдіктің пікірінше, турнир балалар және жастар командалары үшін қосымша шеберлік мектебі және «қазақстандық біріншілікте қаланың намысын қорғайтын» жаңа командаға ойыншыларды іріктеу әдісі болады.

Былтыр желтоқсанда Өскемендегі спорт сарайына Борис Александровтың есімі берілгенде Б.Александровтың кубогы үшін турнир ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстан, Ресей және Белоруссия командалары қатысты.

Борис Александров – өскемендік хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның хоккей құрамасының алғашқы жаттықтырушысы. Осыдан 9 жыл бұрын Б. Александров жол апатында қаза болды.

Соңғы жаңалықтар