Өскеменде ер адам мектептің жанындағы ағашқа асылып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 511.67
  • 582.38
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде ер адам мектептің жанындағы ағашқа асылып қалған

Өскеменде ер адам мектептің жанындағы ағашқа асылып қалған

Кеше Өскемен тұрғындары Сәтбаев даңғылындағы №24 орта мектептің жанында ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін анықтады.

  • 21 Қазан 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

Полицейлер оны шешіп, мүрдені сараптамаға жіберді, деп хабарлайды YK-news.kz.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, оқиға таңертең шамамен сағат 6:45-те орын алған.

«№24 мектептің жанында азиялық түр-сипаттағы шамамен 45-50 жас аралығындағы белгісіз ер адамның мүрдесі анықталды. Ол ағаш бұтасына асылып, қайтыс болған. Қазіргі уақытта оның кім екені және өлімінің нақты себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде», — деп хабарлады Өскемен ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

Мектептен сабаққа бара жатқан кейбір оқушылар, өкінішке қарай, ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін көргенін айтып отыр. Оқу мекемесі қызметкерлерінің ақпаратынша, өз-өзіне қол жұмсаған адамның мектепке еш қатысы жоқ.