Өскеменде іші үлкейген жүкті ер адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде іші үлкейген жүкті ер адам тіркелді

Өскеменде іші үлкейген жүкті ер адам тіркелді

Өскеменде нефролог дәрігердің пациенттің жай-күйі туралы берген тұжырымдамасында оның іші жүктілігінің мерзіміне байланысты үлкейгені жазылған. Әрине, таңғалатын ештеңе жоқ. Алайда мұндай тұжырымдама ер адамға беріліп отыр.

  • 4 Қыркүйек 2018
  • 96
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пациенттің туыстарының сөзінше, ер адам іші ауырғандықтан, ауруханаға барған. Оның дәрігерлердің жұмысына қатысты бір ғана шағымы болған. Дәрігердің жазып берген тұжырымдамасында аурудың көптеген белгілерімен қатар, ер адамның жүкті екені көрсетілген.

Өскеменде жүкті ер адам тіркелді

Бұл келеңсіздікті ер адам үйіне келгеннен кейін ғана байқаған. Сонымен қатар емхана қызметкерлері пациенттің іші үлкейгенімен қатар, жүктілік мерзіміне байланысты ер адам сәбидің қозғалысын сезе бастағанын жазған.


Өз кезегінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар мұндай жағдайдың қалай орын алғанын анықтауға уәде етті.