Өскеменде кәріз жүйесі коллекторындағы апат салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде кәріз жүйесі коллекторындағы апат салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Өскеменде кәріз жүйесі коллекторындағы апат салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Өскеменде кәріз жүйесі коллекторындағы апат салдарынан мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ тоқтатылып, қала орталығындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысын доғарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қараша 2004
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-қарашада 18 сағат 10 минутта негізгі канализациялық жүйенің коллекторы жарылу салдарынан, ондағы ағызынды сулар жердің бетіне бірақ шықты. Апат салдарынан Ертістің оң жағалауындағы тұрғын үйлер аймағына ыстық және суық су жіберу тоқтатылды. Қаланың 200 мыңдай тұрғыны су тапшылығына душар болды.

26-қараша күнгі 6 сағаттағы жағдаймен апат салдарын жою жұмыстарына «Қалалық су құбыры» ҚК-ның 25 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды. Емдеу мекемелері, мектеп-интернаттар мен балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ауыз судың қауіпсіздігін бақылауға алды.

Перейти к новостям спорта