Өскеменде кәсіби электрик 8 жыл бойы трансформатор тонаумен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде кәсіби электрик 8 жыл бойы трансформатор тонаумен айналысқан

Өскеменде кәсіби электрик 8 жыл бойы трансформатор тонаумен айналысқан

Өскеменде кәсіби электрик 8 жыл бойы электр сымдарын тонаумен айналысқан. 33 жастағы азамат осы уақыт аралығында қолданыстағы 15 трансформаторды істен шығарып, құрал-жабдықтарын темір-терсекке өткізіп жіберіпті.

  • 21 Шiлде 2011
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Неміс» деген лақап атпен танымал баукеспе 6 мың вольттық ең жоғары кернеулі электр торабына еркін кіріп жүрген. Ондағы ең қымбат деген сым-тетіктерін қолды қылған. Кәнігі электрик маманның құрал-саймандары да әмбебап. Қай сымның қайда жалғанғанын жақсы білетін ұры “жорыққа” бір шыққанда 20-30 мыңның тауарын алмай қайтпайтын көрінеді. Қаладағы энергетикалық компания өкілдері, темір-терсекке тапсырылған заттардың арасынан өздеріне тиесілі құралдарды бірден таныды. Ал баукеспенің түрмеден шыққанына да көп болмапты. Бұған дейін кісі өлтіріп, ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген екен. Бұл жолғы тергеу алдында берген жауабы да жаттанды.


күдікті:

-Сотталыпшыққан соң жұмысқа орналасу қиын болды. Ешкім алмай қойды. Сосын ескі әдетіме қайта бастым. Ал трансформатор тілін білгендер үшін түк емес. Темір-терсегі де өтімді.

Соңғы жаңалықтар