«Бұл шара жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты — Қазақстанда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраларын кеңінен таныстыру, қазақстандық халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың маңызды элементі ретінде тарих және мәдениет ескерткіштерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады», дейді Е.Дәменов.
Акция аясындағы барлық іс-шаралар сәуір-қыркүйек айларының аралығында өтеді. Атап айтқанда, фотоконкурс, кітап көрмелерін өткізу, «Өлкеміздің аңыз-әңгімелері» диалог алаңдарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ал 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте балалар «Менің Қазақстаным — менің болашағым» деген тақырыпта шығарма жазатын болады.