Баланы алып қалған тұрғын келіншектің кім және қайда тұратынын да сұрап алмаған. Бар білетіні безбүйрек ана өзін Ариша деп таныстырған екен. Оның қайтып келмейтінін түсінген бойжеткен полицияға хабар беріпті. Қазір тамағы ауырып қалған сәби «Ана мен бала орталығында» емделуде. Ал тәртіп сақшылары баласынан безген келіншектің телефонын тауып хабарласқан. Бірақ ол бөбегін көруге асығар емес.
Мәдина Қалдыбаева, дәрігер:
-Бала ешкімді жатырқамайды. Өздігінен тамағын жейді. Ұйқысы да тыныш. Үсті-басы да таза. Анасының оны қалай ғана тастап кеткенін түсіне алмадық.