Өскеменде кісі қолынан өлген бозбаланың туыстары тура ІІД алдында наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде кісі қолынан өлген бозбаланың туыстары тура ІІД алдында наразылық білдірді

Өскеменде кісі қолынан өлген бозбаланың туыстары тура ІІД алдында наразылық білдірді

Өскеменде кісі қолынан өлген бозбаланың ата-анасы тура Ішкі істер департаменті алдында наразылық білдірді. Олар қылмыскерлерді құрықтай алмай отырған полицияның шарасыздығына налиды. 50 жерінен пышақталған жігіттің денесі өткен шілде айында өз ауылының маңынан табылған болатын. Қанды қылмыстың болғанына 5 айға жуықтаса да әлі бірде бір адам жауапқа тартылмапты.

  • 10 Қараша 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

Осының ішіне кірген, кіргеннен бала шықпаған. Айғақ заттар бәрі дүкеннің ішінен табылды. Пышақтар, қан жұққан футболка, жамылғыш, қан жұққан баннерлер.

— Осы арада ылғи арақ сатылып, ішіліп, ойын сауықтың бәрі осы арада болатын. Осы жерден басқа қай жерде болды. 

Ұлан ауданы Герасимовка ауылының дүйім жұртын дүрліктірген жантүршігерлік оқиғашілде айында болған. 16 жасар Бекболат Қойшыбаев ауылдың қақ ортасындағы дәл осы дүкен ішінде айуандықпен өлтірілген.

Бекболаттың өлі денесін туғандары ауыл шетіндегі мына өзен жағасынан екі күн өткен соң тауып алды. Жасөспірімнің денесінде сау жер қалмаған. Қанішерлер 50 жерден пышақ сұғыпты.

Тым болмаса бір кісі табылмай қорқып отыр ғой, неше ай болды. Көмектесіңіздер. Қанішерді табуға.

Бекболатты өлтіргендер әлі күнге дейін құрықталмауы, қара жамылған отбасының қабырғасын қайыстырып отыр. Бозбаланың өліміне күдікті деп танылғандардың ұзын саны 14 адам. Алайда, 5 айдан бері солардың бірде біреуі жауапқа тартылмаған. Ал облыстық прокуратура мен ішкі істер департаментінің табалдырығын тоздырып жүрген әкесі әлі де үмітін үзген емес.


Нұрболат Қойшыбаев, марқұмның әкесі:

— Әттең менің қолыма түспеді, егер түссе менің балам қалай шырылдаса солай шырылдатар едім.

Бүгін шарасыздықтан марқұмның ата-анасы қолдарына плакат алып облыстық ІІД алдына келді. Бәлкім сонда «жабулы қазанның беті ашылар» деп.  Аязды күнге қарамастан наразы ата-ана бірер сағат ғимараттың  алдында тұрып, қайтты. Бекболаттың өліміне қатысты істі көтеруіміз керек, қазір берер жауабымыз жоқ деп жалтарды алғашында департамент баспасөз қызметіндегілер. Қылмысқа қатысты мәліметтер құпия деп. Кейіннен бізбен жеке сұхбаттасқанда полицейлер, мың сауалға бір ғана жауап қайтарумен болды.

Мұратжан Шәкеров, ШҚО ІІД бастығының орынбасары:

22 шілдеден бастап не істеп  жатырсыздар дейсіз ғой…Күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қылмысқа қатысы бар деген болжаммен азаматтарды түгендеп болдық. Сезікті адамдар бар бізде. Нәтиже болады.

Соңғы жаңалықтар