Өскеменде көліктерді қасақана өртейтіндер іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде көліктерді қасақана өртейтіндер іздестіріліп жатыр

Өскеменде көліктерді қасақана өртейтіндер іздестіріліп жатыр

Өскеменде бір түнде бес бірдей көлікті белгісіз біреулер өртеп кетті. Қаскөйлер оларды тура көпқабатты үйдің ауласында тұрған жерінен жағып жіберген. Жалпы жыл басынан бері бұзақылар облыс бойынша 145 көлікті күлге айналдырыпты. Тәртіп сақшылары бұл машина иелеріне жасалған қастандық болуы мүмкін деп отыр.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 234
Фото - Caravan.kz

Игорь Вировец мына көлікті жуырда ғана сатып алған. Енді ғана тақымдаған темір тұлпарының қазіргі сиқы мынау. Қаскөйлер көршісінің көлігін көздеген екен. Бірақ қызыл жалын оның жанында тұрған Игорьдың Ладасын да оңдырмай зақымдапты.  

Игорь Вировец, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Көршім ерте тұрып, көлігінің  өртеніп жатқанын көріпті. Менің Грантам жанында тұрған. Есіктері, салонның іші, бәрі күйіп кетті.

Өскеменнің өзге ықшамауданында дәл осы түні тағы екі көлік жанған. Шетелдік машинадан шыққан жалын қарсы тұрған көліктерді де шарпыпты.

Марина Лискова, Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы:

-Біздің ойымызша бұл көліктердің бәрі әдейі өртелген. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 145  темір тұлпар жанып кетті. Бірақ әзірге күдікті ешкім ұсталған жоқ.

Қасақана өртеу оқиғалары өршіп тұрса да, тұрғындар көліктерін әлі есіктерінің алдында қалдыруға мәжбүр. Өйткені күзетілетін тұрақтарда орын  жеткіліксіз. Ал 145 көлікті өртеу дерегі бойынша біреулер ұсталмақ түгілі, полицияда әлі күдікке алынғандары да жоқ.

Соңғы жаңалықтар