Өскеменде лаңкестік туралы жалған хабар берді деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде лаңкестік туралы жалған хабар берді деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды

Өскеменде лаңкестік туралы жалған хабар берді деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды

ӨСКЕМЕН. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Өскеменде лаңкестік туралы жалған хабар берді деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Наурыз 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

Өскеменнің № 22 орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы полицияға екі рет дайындалып жатқан жарылыс туралы жалған ақпарат берген. Бірінші жағдайда ол мектепке бомба орнатылғандығы туралы хабарласа, екінші рет Защита бекетінің теміржол вокзалының аумағына орнатылған жарылғыш зат туралы хабарлаған.

Тергеу тобының, криминалдық полиция, қоғамдық қауіпсіздік, патрульдік полиция батальонының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қызметкерлері жүргізген жедел — іздестіру шаралары барысында жарылғыш құрылғы табылмаған.

Телефонмен жалған хабар берген лаңкес құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің күшімен құрықталды.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 242-бабында қарастырылған «Лаңкестік әрекет туралы көпе-көрнеу жалған хабарлау» қылмысы үшін жазаны «қалжыңбастың» ата-анасы өтейді. Оларға 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылу қаупі төніп тұр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті