Жарияланды: 360

Өскеменде медиа-форум ашылды

Бүгін Өскемендегі «Алтай технопаркінде ашылған өңірлік медиа-форум «Жас талғамайтын мамандық» («Профессия без возраста») атты бейнефильммен басталды.

БАҚ қызметкерлерінің биылғы облыстық форумы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтіп отырғандықтан, барлық бағдарлама, барлық іс-шара осы тақырыпқа арналып отыр. Медиа-форумның модераторы - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, ал форумның бас қонағы - «Наука и образование» журналының бас редакторы Дмитрий Мельников. Түске дейін форумның жұмыс бағдарламасы өтсе, түстен кейін Жамбыл атындағы облыстық драмалық театрда форумның салтанатты бөлімі өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін