Өскеменде мектепке, ал Шымкентте сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде мектепке, ал Шымкентте сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

Өскеменде мектепке, ал Шымкентте сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Өскеменде мектепке, ал Шымкентте сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Мамыр 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 24-мамырда 13 сағат 40 минутта Өскеменнің ішкі істер департаментіне №22 орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Іздестіру шараларының барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Сонымен бірге бұл күні Шымкент ішкі істер департаментіне «Шымкент» сауда үйінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама келіп түскен. «Арнаулы шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ»,- деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында 24-мамырда Тұрбат және Қақпақ ауылдары арасынан 2020 әскери бөлімінің қызметкерлері «Дәрібұлақ» атты алаңнан авиациялық снаряд тауып алды. «Ол жерді Қазығұрт аудандық ІІБ-ның қызметкерлері саперлер келгенге дейін қоршауға алды»,- деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті