Өскеменде Мемлекеттік тілді оқыту орталығы қаңырап бос тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде  Мемлекеттік тілді оқыту орталығы  қаңырап бос тұр

Өскеменде Мемлекеттік тілді оқыту орталығы қаңырап бос тұр

Өскеменде Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы қаңырап бос тұр.  Аты дардай орталық қазақшасы шорқақтардың тілін сындыру үшін екі жыл бұрын ашылған. Бірақ содан бері мандытып жұмыс істемепті. «Мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген шенді-шекпенді көрмедік» - дейді қалалық Қазақ тілі қоғамының басшылығы. Ал әкімдік өкілдері болса, өздеріне қарасты мекеменің неліктен жабылғанын жарытып түсіндіре алмады.

  • 10 Маусым 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

Роза Дәуітованың Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының жұмысын қадағалап жүргеніне  екі жыл болды. Күнде таңертең орталықтың алдына келуді әдетке айналдырған ол,осы уақыт аралығында қаңыраған кеңседен ешкімді көре алмаған. Кезінде осы мекеменің ресми ашылу салтанатына өзі қатысып, шашуын шашқан тіл жанашыры, енді оның тек «шенеуніктердің есебі үшін жасалғандығына көзім жетті» дейді.

Роза Дәуітова, Өскемен қалалық «Қазақ тілі» қоғамының  төрайымы:

Қала әкіміжәне  Асқар Қисаевич деген  орынбасары сөз сөйлеп,  ақсақалдарды жинапашқан болатын. Бірақ,  бірінші күні ішінде компьютерлер толып тұрған еді, екініші күні жоқ болды. Осынын жұмыс істемейтіндігін біліп, осы жерге келіп, жұмыс кестесін қарап, күнде тексеріп жүрмін.  Күнде сабақ жоқ, есік жабық

Ірі компаниялардың бірінде менеджер болып істейтін Людмила Быкова да аталмыш оқыту орталығының дәл қасында тұрады. Кеңсе ашылғанда мемлекеттік тілді жедел оқуға ниет қылған ол мақсатына сол күйі жете алмағанын айтып қынжылады.

Людмила Быкова, компания менеджері:

— Мемлекеттік тілді білмегендіктен жұмыста қатты қиналам. Үйімнің қасынан орталық ашылғанда қуанып  едім, алайда қай күні барсам да  есігі жабық тұрады.

Аталмыш мекемеде кез келген тұрғын қазақ тілін тегін, әрі жеделдетіп оқуға құқылы еді. Әкімдік өкілдері болса, өз қарамағындағы орталықтың қызмет етуіне  монополияға қарсы  комитет рұқсат бермеді дейді, қалада тіл үйрететін бір орталық бар, сол жеткілікті деген желеумен. Қазір сабақ сонда жалғасып жатқан көрінеді.


Александр Кузнецов, Өскемен қалалық білім бөлімінің бастығы:

— Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы сол беті ашылмағаны рас. Заңға қайшы болды. Бірақ біз оны «Возрождение» атты көптілді оқытатын мектепке қосып, дәрісті жалғастырудамыз. Қазір демалыс болғандықтан жабық.

Роза Дәуітова, Өскемен қалалық «Қазақ тілі»қоғамының төрайымы:

— Ашуға рұқсат бермеді дегенге сенбеймін, монополияның бұған қандай қатысы бар? Тілге қатысты  іс-шаралардың іске асуына ешкімнің қарсы шығуы мүмкін емес.

Құзырлы органдар қызметіне рұқсат бермеген орталықты кезінде әкім-қаралардың  қалай, не үшін ашқаны да белгісіз. Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған мекеменің аяқ асты көп тілді үйрететін мектепке қосылып кетуі  де  жұмбақ. Бұл жағын шенеуніктердің өзі ашық түсіндіре алмады.

Соңғы жаңалықтар