Жарияланды: 300

Өскеменде мерекелік шаралар аяз салдарынан кейінге қалдырылды

Өскеменде қатты аяз салдарынан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар кейінге қалдырылды.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлфариза Рамазанова мәлімдегендей, көшеде өтетін іс-шаралар кейінге шегерілген, «Қысқы драйв» автошоуы 22 желтоқсанда өтеді. «Әзірге Республика алаңында 16 желтоқсанға белгіленген көшеде қыдыру және үш мұз стадионының ашылуына қатысты нақты шешім жоқ», - дейді ол. Тәуелсіздік күні жылда 16-17 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күндер демалыс болып саналады. Биыл қазақстандықтар 15-і мен 18 желтоқсан аралығында төрт күн демалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін