Өскеменде мұз патшалығы салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде мұз патшалығы салынып жатыр

Өскеменде мұз патшалығы салынып жатыр

Өскемен қаласы мұзды қала атағына үміткер - облыс орталығында дәстүр бойынша Комсомол арылында орналастырылып жатқан 20-дан астам мұз пішіндері мен қалашығының құрылысы жалғасуда.

  • 21 Желтоқсан 2010
  • 597
Фото - Caravan.kz

Қаладағы мұз әлемінің шығармашылық «иесі» Евгений Непьяновтың айтуынша, Өскемен тұрғындары мен қала қонақтары Аяз Ата, Ақша қар және жыл иесі Қоян мүсіндерін тамашалай алады. Мұзды мүсіндердің ұзындығы 4 метрден асады, ал, мысалға Аяз Атаны алатын болсақ, оның салмағы бір тоннаға жетіп қалады.

Бұл жаңа жылдық сыйлықтардың жартысы ғана. Қаладағы кәсіпкерлердің басым бөлігі қала әкімінің ұсынысына оң қабақ танытқан, шағын және орта бизнес нысандарының жанында да мұз топтамалары салынады.

Мұзды қалашықтың салтанатты ашылуы алдағы жұма, 24 желтоқсан күні болады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта