Жарияланды: 290

Өскеменде мұз қалашығына бөлінген қаржыға көз қорқытар мүсіндер қашалған

Жаңа жыл қарсаңында әдеттегідей әдемі мұз қалашығын тамашалаймыз деп күткен өскемендіктер үшін бұл биыл мүмкін болмайтын сыңайлы. Мұз қалашығындағы мүсіндердің кейпіне қарап, жануарларды ажырату қиын.

Мұздың жылдағыдан көп болғаны да, мүсіншілерді онша шабыттандырмаған сияқты. Керісінше, көзді қуантудың орнына, қорқытатын мүсіндер тізілген. Мынау төрт аяқты әтеш, оның жанында денесінің жартысы опырылып қалған жылқының бейнесі, пингвиндер, көзі танадай сазан балықтар да бар арасында. Тіпті, келер жылдың нышаны жыланды қашағанда мұздың үнемделгені сонша, ұзындығы 1 метрге жетер-жетпес. Ал мұндай берекесіз туындыларға 1 жарым млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Мұз қалашығына тапсырыс берген қалалық әкімдік мүсіншілердің бұл әрекетінен бейхабар болар, қалашықты салтанатты түрде ашуды жоспарлап қойған екен. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін