А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Германиядан келген жазушының авторлық оқулары өтті.
Бұл неміс әдебиетшілерінің «Қазақстандағы Германия жылы-2010» аясында өткізген екінші кездесулері. Бұрын хабарланғандай, қазан айының соңында Германия жазушысы Цвета Софрониева да авторлық оқуларын өткізген болатын.
Өскемен оқырмандарымен кездесу барысында Ани Тукерманн өзінің «Suche Oma» («Әжемді іздеймін») атты кітабынан үзінділер оқып, оқырман тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.