Өскеменде Оралхан Бөкейге ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Оралхан Бөкейге ескерткіш орнатылды

Өскеменде Оралхан Бөкейге ескерткіш орнатылды

Өскеменде Конституция күнін еңбек ұжымдарының Республика алаңы бойындағы мерекелік шеруімен атап өтті. 15 мыңнан астам шығыс қазақстандықтар қатысқан шеру орталық қала алаңы, Астана жағалауы бойымен өтті. Мерекелік концерттен кейін қала тұрғындары халықаралық бал жәрмеңкесіне қатысты. Қонақтар бал өнімдерінің дәмін татқанша, алаңда мерекелік концерт, спорт жарыстары басталып, «Шеберлер қаласы» жәрмеңкесі ашылды.

  • 31 Тамыз 2013
  • 500
Фото - Caravan.kz

Этноауылдың сол жағалау кешенінде «Шығыс шынары-2013» фестивалі ашылды, оған келген құрметті қонақтар мен қатысушылар Республика алаңындағы салтанаттарға да қатысты.

Конституция күнінің мазмұнды мерекелік бағдарламасы Өскеменде таңертең үлкен оқиғамен — қаланың сол жағалауындағы ақын Оралхан Бөкейдің ескерткішінің ашылуымен басталды.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында атап өтілгендей, соңғы үш жылда әкім Бердібек Сапарбаевтың бастамашылық етуімен қалада өңір және оның мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосқан көрнекті шығыс қазақстандықтарға ескерткіш қойылды.


Перейти к новостям спорта