Жарияланды: 410

Өскеменде орын алған жол-көлік апатына ауа райының қолайсыздығы немесе адами фактор себеп болуы мүмкін

Кеше Өскеменнен 43 шақырым жерде болған апат 2 баланың өліміне әкеп соқты. Мәлім болғандай, тағы да 2 жасөспірім ауыр жағдайда. Апатқа байланысты екі түрлі болжам жасалуда. Ол - ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ адами фактор. ШҚО ІІД-нен хабарлағандай, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО ІІД-нің берген ақпаратына қарағанда, балалар бұл күндері Өскеменде өтіп жатқан хоккейден республикалық жарысқа бара жатқан. Митсубиси Паджеро көлігі мен ішіне 4 жасөспірім хоккейші мінген Тойота-Камри-30 автомобилі соқтығысқан. Команда және жаттықтырушы құрам артта келе жатқан «Газельдің» ішінде болған. ІІД-нен мәлім болғандай, көз жұмған екі баланың мәйіттері Семей қаласына жөнелтілді. Ауыр жарақаттар алған тағы екі жасөспірім Өскемендегі ШҚО Ана мен бала орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер екі хоккейшінің жағдайын әзірге ауыр деп бағалауда, дегенмен балардың біреуі таңертең есін жиды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін