ШҚО ІІД-нің берген ақпаратына қарағанда, балалар бұл күндері Өскеменде өтіп жатқан хоккейден республикалық жарысқа бара жатқан. Митсубиси Паджеро көлігі мен ішіне 4 жасөспірім хоккейші мінген Тойота-Камри-30 автомобилі соқтығысқан. Команда және жаттықтырушы құрам артта келе жатқан «Газельдің» ішінде болған.
ІІД-нен мәлім болғандай, көз жұмған екі баланың мәйіттері Семей қаласына жөнелтілді.
Ауыр жарақаттар алған тағы екі жасөспірім Өскемендегі ШҚО Ана мен бала орталығының жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлер екі хоккейшінің жағдайын әзірге ауыр деп бағалауда, дегенмен балардың біреуі таңертең есін жиды.