Өскеменде Қабанбай батырдың ескерткіші бой көтереді
Шығыс Қазақстан облысы орталығына кіреберісте Қаракерей Қабанбай батырдың қола ескерткіші қойылатын болады. Қазір жергілікті билік ол ескерткішті нақты қай жерге орналастыру қажеттігін қарастырып жатыр, деп хабарлады қаланың ресми сайты. |
Алматылық шеберлердің қолынан шыққан батырдың ескерткіші Өскеменге әкелінген. Әзірге қалалық сәулет бөлімінің мамандары батыр бабамыздың ескерткішін орнататын лайықты орынның бірі деп облыс орталығына «Шығыс» ауылы жағынан кіреберістегі биіктеу жотаның үстін қарастырған көрінеді.
«Қола ескерткіштің тағанын мәрмәрдан жасаймыз деп ойлап отырмыз», - дейді қаланың бас сәулетшісі Еркін Жүсіпов.
Сонымен қатар ол жерде металл кергіге шаһардың атауы жазылып, суреті ілінбек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін