Бұл туралы YK-news.kz порталына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
«Шығыс Қазақстан облысының ІІД-не Қазақстан көшесінде орналасқан көп пәтерлі үй тұрғындарынан хабар келіп түскен. Олар көрші әйелдің апта бойы сыртқа шықпағандығын хабарлады. Полиция қызметкерлері құтқару бригадасымен бірлесіп, пәтердің есігін бұзып ашты. Пәтерден 1948 жылы туған әйелдің өлі денесі табылды», — деді ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.
Қазіргі кезде зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталу үстінде. Алдын ала тексеру нәтижесіне сәйкес, әйелдің мәйітінен зорлық белгілері анықталған жоқ.