Өскеменде қаладағы тұңғыш ағылшын бағының жобасы таңдалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қаладағы тұңғыш ағылшын бағының жобасы таңдалды

Өскеменде қаладағы тұңғыш ағылшын бағының жобасы таңдалды

Шығыс Қазақстанның облыс орталығында «Тірі Жер» экологиялық қорының ағылшын бағының нобайына жариялаған конкурстың нәтижесінде үздік жобаның авторларымен бас жоспар әзірлеу туралы келісімге қол қойылды, деп мәлім етті қордың атқарушы директоры Валентина Щербатых.

  • 15 Шiлде 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Байқауға оннан аса жас архитектор қатысты. Ұсынылған нобайларда дәстүрлі, модернистік жоспарлау әдістері, аймақтау, архитектуралық формалар, лабиринт, жабық галерея және т.б. көрініс тапты», — деді В. Щербатых.

Үздік жұмыстың авторларымен бақтың бас жоспарын егжей-тегжей әзірлеу туралы келісім жасалды.

Бұрын хабарланғандай, «Тірі Жер» экологиялық қоры Өскеменнің сол жақ жағалауында экологиялық таза бөлігінде 8,7 га аумаққа ағылшын мәнерінде бақ салу туралы бастама көтерген. Бақ еңіс және таулы аймақты біріктіріп, отбасылық демалыс орнына айналуға тиіс.

«Тірі Жер» қорын 2011 жылдың наурызында Шығыс Қазақстанның жеке меншік компаниялары құрып, үш қайырымдылық жоба – ағылшын бағының құрылысы, табиғи демалыс орындарын қоқыстан тазалау және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бастамаларын көтерген.

Соңғы жаңалықтар