Caravan Logo

Өскеменде қаладағы тұңғыш ағылшын бағының жобасы таңдалды

Өскеменде қаладағы тұңғыш ағылшын бағының жобасы таңдалды

«Байқауға оннан аса жас архитектор қатысты. Ұсынылған нобайларда дәстүрлі, модернистік жоспарлау әдістері, аймақтау, архитектуралық формалар, лабиринт, жабық галерея және т.б. көрініс тапты», - деді В. Щербатых.

Үздік жұмыстың авторларымен бақтың бас жоспарын егжей-тегжей әзірлеу туралы келісім жасалды.

Бұрын хабарланғандай, «Тірі Жер» экологиялық қоры Өскеменнің сол жақ жағалауында экологиялық таза бөлігінде 8,7 га аумаққа ағылшын мәнерінде бақ салу туралы бастама көтерген. Бақ еңіс және таулы аймақты біріктіріп, отбасылық демалыс орнына айналуға тиіс.

«Тірі Жер» қорын 2011 жылдың наурызында Шығыс Қазақстанның жеке меншік компаниялары құрып, үш қайырымдылық жоба – ағылшын бағының құрылысы, табиғи демалыс орындарын қоқыстан тазалау және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бастамаларын көтерген.