Жарияланды: 310

Өскеменде қаланың бас сәулетшісі тағайындалды

Бүгін Өскемен әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыс орталығының жаңа сәулетшісі - Еркін Жүсіпов таныстырылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Еркін Жүсіпов - Алматы сәулет-құрылыс институтының түлегі, ОҚО-ның Отырар ауданына қарасты Тимур ауылының тумасы. Облыс орталығының жаңа сәулетшісіне берілген бірінші тапсырмалардың бірі - қала құрылысы кеңесінің жұмысын «жандандыру», Өскеменнің сәулет құрылысының жоспарын ұсыну. Бүгін аппарат кеңесінде қала әкімі С.Тәукебаев қазіргі кезде қалалық сәулет бөлімінде маңызды жобалардың әзірленуі аяқталып отырғанын хабарлады. Бұл жолдар мен шағын аудандарға қатысты жобалар. Олар дайын болған соң жұртшылық назарына ұсынылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін