Өскеменде қаланың бас сәулетшісі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қаланың бас сәулетшісі тағайындалды

Өскеменде қаланың бас сәулетшісі тағайындалды

Бүгін Өскемен әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыс орталығының жаңа сәулетшісі - Еркін Жүсіпов таныстырылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 19 Қараша 2012
  • 297
Фото - Caravan.kz

Еркін Жүсіпов — Алматы сәулет-құрылыс институтының түлегі, ОҚО-ның Отырар ауданына қарасты Тимур ауылының тумасы.

Облыс орталығының жаңа сәулетшісіне берілген бірінші тапсырмалардың бірі — қала құрылысы кеңесінің жұмысын «жандандыру», Өскеменнің сәулет құрылысының жоспарын ұсыну.

Бүгін аппарат кеңесінде қала әкімі С.Тәукебаев қазіргі кезде қалалық сәулет бөлімінде маңызды жобалардың әзірленуі аяқталып отырғанын хабарлады. Бұл жолдар мен шағын аудандарға қатысты жобалар. Олар дайын болған соң жұртшылық назарына ұсынылады.