Өскеменде қаңғыған иттер бір адамды талап өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қаңғыған иттер бір адамды талап өлтірген

Өскеменде қаңғыған иттер бір адамды талап өлтірген

Өскеменде қаңғыған иттер бір адамды талап өлтірді. Жұмыстан кейін үйіне қайтқан азамат бар болғаны 200 метрдей қақпасына жете алмапты. Жан түршігерлік оқиғадан кейін ғана жергілікті билік шара қолдануға кіріскен. Қазір қалада өріп жүрген бұраңқы иттер шетінен ауланып жатыр.

  • 8 Қараша 2012
  • 588
Фото - Caravan.kz

Әдеттегідей жұмыстан қайтқан Мұратбек Мұқанов сол күні үйіне жете алмаған. Дәл осы жерде апталдай азамат қаңғыбас иттердің жеміне айналыпты.

Мұрат Күлижан қарияның тұңғышы. Бүтіндей бір отбасына бас-көз болып отырған ұлын құтырған иттер талап өлтіреді деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген анасының. Медициналық сараптама қорытындысында жігіттің мұрны, құлағы жұлынған деп жазылыпты. 34 жастағы орда бұзар азамат тілге келместен ауруханада көз жұмған.

Күлижан Мұқанова, Өскемен қаласының тұрғыны:

— Денесін ашқызбай қойды. Көре алмай қойдым ғой. Енді қайта айналып келмейді ғой. Иттің ажалымен кетті ғой. Құлыным.

Жан түршігерлік оқиғаны естіп жағасын ұстаған бұл жақтың жұрты енді жалғыз жаяу жүруден қорқатын болған. Бәлкім, «қағусыз кеткесін, ит те құтырған» болар?! Бұл ретте, жергілікті әкімдіктің тиісті сала қызметкерлері болса, көбелек аулауға шыққандай, қолдарына тор алып ары-бері бір топ қаңғырған иттің соңынан қуған сыңай танытты. Ал жалпы, бейсауат жүрген төбеттерді аулау кестеге сәйкес қана жүзеге асады екен.


Қанат Баширов, Өскемен қаласы кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің бастығы:

— Біз кесте бойынша қаңғыған иттерді аулауға шығамыз. Өз басым қаңғыбас иттер адамға аса қауіпті деп ойламаймын.

Әкімдік өкілі бейқамдық танытқанымен, Өскемен ауруханаларына бір күннің өзінде 4 адам ит қауып түскен. Тек соңғы жарты жыл ішінде қалада мыңға жуық адам қаңғырған иттерден зардап шегіпті.

Соңғы жаңалықтар