Өскеменде қант бағасы 450 теңгеге дейін көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қант бағасы 450 теңгеге дейін көтерілді

Өскеменде қант бағасы 450 теңгеге дейін көтерілді

Жергілікті билік пен монополияға қарсы мекеменің «баға бассыздығын тоқтату» туралы өтінішіне қарамастан,  бөлшектеп қант сату нарығындағы айғай-шу басылар емес.

  • 18 Шiлде 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Екі аптадан бері қантты бөлшектеп сату тоқтап тұр, ал бөлшектеп сататын дүкендердегі қанттың 1 келісі 260 теңгеден 410 теңгеге дейін өскен (18 шілденің таңғы уақыты). Ал бүгін облыс орталығындағы бірқатар дүкендер қанттың бір келісін 450 теңгеден сатуда.

«Қант тапшылығы қолдан ұйымдастырылды», — деп санайды ШҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев.

Ол арнайы отырыста ҚР заңнамасына сәйкес, бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ екенін кәсіпкерлерге түсіндірген. Егер аталған фактілер тіркелсе, оларды жаза күтіп тұр.

(Айтпақшы, Алматы қаласындағы Ортаазиялық қант компаниясы Шығыс Қазақстанға қантты көтерме жеткізумен айналысады).

«Көтерме саудамен айналысушылар өткен апта соңында 18 вагон қанттың ақшасы төленгенін, осы аптада өңірге жеткізілетінін айтып, уәде берген», — дейді Қ.Оразбаев.


  Қант саудагерлерінің айтуынша, олар үш қазақстандық қант зауытынан өнім алады және оның біріне қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған екі зауыт Тәжікстанға қант жеткізумен айналысқан, енді Ресейге қант жөнелтуде екен. Шығысқазақстандық тапсырысты да тезірек орындайтынын айтыпты.

Өз кезегінде, аймақтық кәсіпкерлер Палатасы бүгін кешке «қант тапшылығы» және себеп-салдары жайлы өз мәлімдемелерін жасауға уәде берді. 

 

Соңғы жаңалықтар