Кездесу барысында тараптар шекаралық аймақтар деңгейінде ынтымақтастықты нығайту, лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күрес, заңсыз көші-қон мәселелерін талқылады.
ӨСКЕМЕН. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінде осы мекеменің төрағасы Болат Байжасаров пен Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің өкілдері Ху Цзюнь Танмен және и Цай Чжин Сюнмен кездесуі болып өтті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында тараптар шекаралық аймақтар деңгейінде ынтымақтастықты нығайту, лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күрес, заңсыз көші-қон мәселелерін талқылады.