Өскеменде қоқыс өңдеу зауытының құрылысын салу жобасының тұсауы кесілді
Өскемен. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде қоқыс өңдеу зауытының құрылысын салу жобасы мен медициналық қалдықтарды пайдалы жарату жабдығының тұсауы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Қоқыс өңдеу зауыты қоқысты полигонда сақтауды қарастырмайды, барлық қалдықтар 100% өңделіп, екінші қайта пайдаланылатын шикізат ретінде тұтынылады. Зауыттың құны - 1 млн 760 мың евро, жобалық қуаты - сағатына 9 тонна. Бұл нысанды салу үшін 2 - 3 жыл қажет", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін