Өскеменде құны миллиондарға бағаланатын есірткі өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде құны миллиондарға бағаланатын  есірткі өртелді

Өскеменде құны миллиондарға бағаланатын есірткі өртелді

Өскемендік полицейлер қолға түскен 20 келіден астам есірткіні өртеп жіберді. Синтетикалық героин мен марихуана осы уақытқа дейін қылмыстық істерде заттай айғақ ретінде жүрген.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz


Жыл басында Өскеменде жедел іздестіру шарасы барысында есірткіні саудалап келгендер ұсталып 20 келіден асатын героин мен мариихуана тәркіленген еді. Сот үкімі шыққанға дейін олар арнайы камерада сақталып келген. Енді есірткі қайта айналымға өтіп кетпеуі үшін өртеліп, күлі ғана қалды. Соңғы бірнеше айдың ішінде өңірде осындай заңсыз  саудаға қатысты 130 қылмыстық іс қозғалып, 180 келіден астам есірткі тәркіленіпті.