Өскеменде Шығыс медицинасының орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Шығыс медицинасының орталығы ашылады

Өскеменде Шығыс медицинасының орталығы ашылады

Өскеменде 31-ші мамырда қазақ-кәріс бірлескен кәсіпорын – шығыс медицинасының орталығы ашылады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 589
Фото - Caravan.kz

«Біз дәстүрлі шығыс медицинасының орталығын, атап айтқанда кәріс медицинасының орталығын ашпақшымыз. Онда емдеудің ең озық технологиялары мен тәсілдері қолданылады. Біз ең озықтарын жинамақшымыз», — деді KKU-Healthcare компаниясының директоры Джон Ён Сун дүйсенбі күні «Medical Korea in Kazakhstan 2011» конференциясында.

Д. Сун атап көрсеткендей, «Қазақстан медицинасының халықаралық деңгейге шыққанын қалаған болар едік».

«Шығыс Қазақстаннан бастағымыз келіп отыр», — деді Д. Сун. Оның айтуынша, мұндай орталықтар келешекте Астана мен Алматыда да ашылмақшы.

Конференция Оңтүстік Корея үкімет делегациясының сапары аясында өтті. Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері бірқатар жобалар ұсынып, оның ішінде медициналық туризмді де ұсынды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір аймаққа заманауи компьютерлік тамограф, жылжымалы маммографтар жеткізілді. Одан басқа, Сеулдегі қатерлі ісік орталығында Өскемен мен Семей дәрігерлерін оқыту шаралары ұйымдастырылмақшы.

Соңғы жаңалықтар