Өскеменде толғағы қысқан келіншек дәретханада босанып қалды! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде толғағы қысқан келіншек  дәретханада босанып қалды!

Өскеменде толғағы қысқан келіншек дәретханада босанып қалды!

Дәретханада туған бала! Өскеменде оқыс оқиға: күтпеген жерден толғағы қысқан жас келіншек есік алдындағы дәретханада босанып қалды. 15 минут бойы нәжіс толы шұңқырда жатқан шарананы жедел жеткен фельдшер аман алып шыққан. Акушердің айтуынша, кіндігі үзіліп кеткен бала шұңқырға арқасымен құлағандықтан ғана аман қалыпты. Перзентханаға жеткізілген ана мен баланың жағдайын тілшіміз Эльмира Ахметов біліп қайтты.

  • 9 Шiлде 2011
  • 639
Фото - Caravan.kz

Оқиға  үйдің ауласында болған. Айы-күні жетіп отырған 31 жастағы келіншеккешкілік дәретханаға шыққан. Алайда дәл сол кезде  өзінің үшінші баласын дүниеге әкелем деп ойламапты. Келіншектің жанұшыра айғайлаған дауысын үйдегі абысыны естіген.

 Дереу жедел жәрдем шақыртқан абысыны есі шыққаны сонша, не әйелге,не нәжіс толы шұңқырда жатқан балаға көмектесе алмаған. Шарананың көрер жарығы бар болар, дәрігерлер де оқиға орнына тез жетіпті. Олар алдымен қансыраған әйелді перзентханаға жіберіп, шұңқырдағы шарананы алып шығудың қамына кіріскен. «Маңайдағы көршілердің барлығын жинап,дәретхананы бұзғызуға мәжбүр болдым»-дейді фельдшер.

 Светлана Любченко, Өскемен қалалық жедел медициналық көмек станциясының фельдшері:

— Айғайлап, ер адамдардың барлығын жинап алдым. Дәретхананы бұзып,  шұңқырға түсіп, нәрестені алып шықтық. Оны бірден ауладағы моншаға апарып жуындырып, перзентханаға алып кеттім.

 Жылы жерге жеткен шарананың бастапқыда ыстығы көтерілгенімен, аз уақыттан соң жағдайы қалыпқа түсіпті. Жас ана Эльмира Садықова:  «Босанар күнім таяу болғанымен,  тап осылай  болады деп ойламаппын», -дейді.


Эльмира Садықова
, жас босанған әйел:

— Сағат жеті жарым кезінде үйден шыққам, дәретханаға… осындай жағдай болып қалды…. қатты шошыдым, шүкір, қазір барлығы жақсы.

 Ал баласының көзін аша сала көргені дәретхана болса да, одан арланып отырған әкесі жоқ. Керісінше, бұны үлкен бір жақсылықтың бастамасы деп ырымдаған ол, қызының атын да таңдап қойыпты.

 Талғат Нұртаев, баланың әкесі:

— Құтты болады деп ойлаймыз. «Елдана»деп қойдық атын. Елдің данасы болсын деп, осылай атадық.

 Салмағы  үш келі Елдана жақын күндері анасымен бірге үйіне жіберіледі. Бірақ перзентхана тарихында алғаш рет тіркелген бұл оқиғакөпшіліктің есінде ұзаққа  сақталмақ. 

Соңғы жаңалықтар