Өскеменде тұрғындарды газбен қамтамасыз етуде іркілістер байқалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде тұрғындарды газбен қамтамасыз етуде іркілістер байқалуда

Өскеменде тұрғындарды газбен қамтамасыз етуде іркілістер байқалуда

Өскеменде тұрғындарды газбен қамтамасыз етуде іркілістер байқалуда.

  • 17 Шiлде 2003
  • 551
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне «ЦентрГазСервис» ЖШС-нен хабарлады.

Қаладағы газгольдерлердің 50 проценті бір аптадан бері газбен толтырылмайтын болды. Мұндай жағдай жыл басынан бері осымен үшінші мәрте кездесіп отыр.
Қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз етуші «Мұнайсервис» ЖШС мұндай ахуалды Павлодар Мұнай өңдеу зауытының профилактикалық жұмыстарға байланысты жабылуымен және тұрғындар берешегі салдарынан газдың көтерме бағысының қымбаттауымен байланыстырып түсіндіреді.
Соңғы алты айда Өскеменге жіберілетін газдың бағасы 20 проценттен астам мөлшерде қымбаттағанына қарамастан Өскемендіктер тұтынған газ үшін екі жыл бұрынғы бағамен есеп айырысуда.
Соның салдарынан «ЦентрГазСервис» ЖШС-нің қаланы газбен қамтамасыз етуші «Мұнайсервис» ЖШС-іне берешегі 5 млн. теңгеге жетті. Ал қала тұрғындарының көгілдір отынмен қамтамсыз етуші кәсіпорынға беретін борышы шамамен 4 млн. теңгені құрайды.
«ЦентрГазСервис» ЖШС монополист компания болып саналатындықтан бағаны өз бетімен өсіре алмайды. Ол үшін ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментімен келісуге тиіс.
«Мұнайсервис» ЖШС-нің директоры Николай Лысенконың айтуынша, тарифті өсірмесе кәсіпорын банкроттыққа ұшырайтындықтан Өскемен қаласы көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етіледі деп нық сеніммен айтуға болмайды.
Қала өкіметі Өскеменді газбен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін газ компанияларымен бірлесіп сарапқа салуда.
20-шілдеде 300 тонна газдың алғашқы 50 тоннасы Шымкенттен жеткізілуге тиіс. Ал өнімдері негізінен Қазақстанның ішкі рыногіне бағытталған Павлодар мұнай өңдеу зауыты алдағы апталарда жұмыс істей бастамақшы.
Қазіргі жағдаймен Шығыс Қазақстан облысындағы газ бағасы әрбір килограммына 36,07 теңгені құрап, еліміз бойынша ең төмен тариф болып саналуда. Салыстырма түрінде келтірер болсақ, бұл баға әрбір килограммына Петропавловскде 42 теңгені, Алматыда 42,5 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар