Өскеменнің ТЖ жөніндегі басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұтанудың бірден екі ошағын көрген. Веранда мен тұрғын үйдің түкпір бөлмесі өртеніп жатқан. "Ең алдымен өртпен күресушілерге бірден бүкіл үйді шарпыған жалынмен күресуге тура келді. Одан кейін, барлау жүргізіп, үйдің ішінен үш адамның жансыз денесі табылды: жеті жасар қыз бен екі ер адам. Олардың жеке бастары анықталуда. Өрт сөндірушілер қызды құтқармақ болған, бірақ одан ештеңе шықпады. Түтінге толған бөлмеден өрт сөндірушілер қаза тапқан қыздың 1984 жылы туылған анасын тапқан. Әйел тірі болған. Өрт сөндірушілер тез арада оған қолдан дем алдыру жасап, жедел жәрдем дәрігерлеріне берген. Әйел бірінші ауруханаға жеткізілді", — деп жазады басылым. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады. Өрт себебі әлі анықталуда.