Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр

Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр

Кеше Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары басталды.

  • 1 Сәуiр 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz


5 сәуірге дейін созылатын бұл сайысқа жарыс қожайындарының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», Хромтаудың «ТНК Қазхром», Алматының «Алматы», Оралдың «Конденсат», Қызылжардың «Есіл» және Атыраудың «Атырау» командалары қатысуда. Жарыстың алғашқы күні алматылықтар қызылжарлықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал хромтаулықтар мен атыраулықтар, өскемендіктер мен оралдықтар арасындағы ойын 3:2 есебімен аяқталды. Бүгін енді «Алматы» мен «ТНК Қазхром», «Есіл» мен «Конденсат», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Атырау» өзара сайысқа түседі. Жалпы, бұған дейінгі 4 турда алматылықтар — 37, хромтаулықтар — 35, өскемендіктер — 31, орал мен атыраулықтар -26, қызылжарлықтар — 25 ұпай жинаған болатын.