Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-інші туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-інші туры өтеді

Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-інші туры өтеді

Өскеменде 12-17 қаңтар күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 3-інші тур ойындары өтеді.

  • 11 Қаңтар 2012
  • 382
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 28 ұпаймен әзірше алматылықтар көш бастап келеді. Олардан хромтаулықтардың («ТНК «Қазхром») — 7, өскемендіктердің («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 18 ұпайы кем. Ал турнир кестесінің екінші жартысынан орын тепкен атыраулықтардың қоржынында — 12, қызылжарлықтарда («Есіл») — 10, оралдықтарда («Конденсат») — 3 ұпай ғана бар.

Еске салайық, 1-інші тур ойындары 4-9 қараша күндері Алматыда, ал 2-інші тур 6-11 желтоқсанда Қызылжарда өткен болатын. Алматылықтар өз алаңында 15 ұпай, Хромтау мен Өскемен қалаларының волейболшылары — 9, «Атырау» командасы — 6 ұпай жинап, «Конденсаттың» қоржыны бос қайтқан еді.

Қызылжарда өскемендіктермен тізе қағыстырып келе жатқан хромтаулықтар өскемендіктермен арадағы ұпай айырмашылығын беске дейін жеткізе алды. Ал оралдықтар алғашқы 3 ұпайды қоржындарына сала алды. 3-інші турда олар бірінші ойынды «Алматы» командасымен өткізбек.