Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтеді

Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтеді

Өскеменде 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары болады.

  • 25 Наурыз 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қазір алғашқы 4 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 37 ұпаймен алматылықтар көш бастап келеді. Оларды 35 ұпаймен Хромтаудың «ТНК Қазхром» мен 31 ұпаймен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» өкшелеп келе жатыр. Ал «Конденсат» (Орал) пен «Атырауда» — 26, «Есілде» (Қызылжар) — 25 ұпай бар. Жалпы ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша 6 турға созылатынынын ескерсек, бұл сайыс өскемендіктер үшін көш басындағы командалармен арадағы ұпай айырмасын қысқарту жолындағы соңғы мүмкіндіктердің бірі болмақ. Олар бұл жолы алғашқы 2 ойынын Орал мен Атыраудан, соңғы кездесуін Қызылжар қаласынан келген волейболшылармен өткізетін болады. Ал негізгі сын 2-сәуірде «Алматымен», одан кейін 4-сәуірде «ТНК Қазхром» командасымен болмақ.