Өскеменде "Заманауи қала" атты бағдарлама жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде "Заманауи қала" атты бағдарлама жасалды

Өскеменде "Заманауи қала" атты бағдарлама жасалды

Өскемен. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде қаланы кешенді дамытуға бағытталған "Заманауи қала" атты бағдарлама жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 655
Фото - Caravan.kz

«Заманауи қала» бағдарламасы 2008 — 2011 жылдарға арналған. Бағдарламаның мақсаты — жанға жайлы тіршілік жағдайын қамтамасыз ететін қауіпсіз әрі абаттанған қалалық орта құру.

Бағдарлама қаладағы ортаны біртіндеп жетілдіре түсу, әлеуметтік нормативтерді ескере отырып аумақтарда кешенді құрылыстарды жүргізу, қала тұрғындары үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды қалыптастыру, Өскеменде тепе-тең әлеуметтік құрылым құру міндеттерін көздейді.

Сонымен бірге, бағдарламада кедейліктің нұқсандарын жұмсарту, әлеуметтік теңсіздікті жою, біртұтас мәдени кеңістікті қолдау, қаладағы тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу, қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар