Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды

Өскеменде жол апатына экскаватор себепкер болды. Тежегіші істемей қалған ауыр техника көпірден төмен қарай құлдилап, сегіз бірдей көлікті соққан.   

  • 27 Қазан 2015
  • 336
Фото - Caravan.kz

Салдарынан бірінші кездескен «Газельдің» сау-тамтығы қалмады. Бетпе-бет соқтығысқан жүк көлігінен өрт шығып, жүргізушіні қысып қалған. Оқиға куәгерлері рөлдегі жігітті дер кезінде шығарып үлгерді. Ал істен шыққан техника артынша бағдаршамға тоқтап тұрған жеті бірдей көлікті жапырып барып әрең тоқтады. «Газельден» басқа көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары дін аман.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-Жолда келе жатқан трактордың тежеу жүйесі істен шыққан. Осыған байланысты, трактор дер кезінде тоқтай алмаған. Қазіргі уақытта бұл жол көлік оқиғасы бойынша жан жақты жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар