Өскеменде жас гимнасттар сыз тартқан спорт залда шынығып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жас гимнасттар сыз тартқан спорт залда шынығып жүр

Өскеменде жас гимнасттар сыз тартқан спорт залда шынығып жүр

Өскеменде жас гимнасттар сыз тартып, талап атаулыға келмей қалған спорт залында шынығып жүр. Төбесінен су сорғалап, жартысы жарамсыз күйге түскен жерде қазір 80-нен астам бала жаттығады. Мұндағы акробатикалық жол да мүлдем іске аспай қалған. Ал залды жаңартып береміз деп жергілікті шенділердің уәде еткеніне он жылдан асыпты.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұл акробаттар жаттығатын шағын залда ине шаншыр жер жоқ. Күніне бес топтан, сексен спортшы шынығып жүр. Жалғыз батутта секіру үшін ұзын-сонар кезекке тұрады балалар. Осындай жағдайда мамандандырылған акробатикалық спорт мектебінде халықаралық және республикалық сайыстардың чемпиондары тәрбиеленіп шыққан. 

Наталья Колесникова, жаттықтырушы:

— Біз жыл сайын басқармадағылардан батут сұраймыз, ақша жоқ дейді, халықаралық жарыстарға бару үшін көмек сұраймыз, онда да жоқ дейді, сонда бұл басқарма не істеп отыр? Еліміздің басқа қалаларында Әлем жарыстарына 5 адамнан сайлап жібереді, біз болсақ ата-аналар мен қайырымды адамдардға алақан жаюға  мәжбүрміз. 

Қысы-жазы шұрық-тесік шатырды қалқалап әуре-сарсаңға түседі мұндағылар. Ылғалдан спорт залдың қабырғалары көгеріп, спорттық құрал-жабдықтар сыз тартқан. Дәмелі бес жасында осы олимпиадалық спорт түрін таңдаған. Содан бері республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Өз шеберлігін одан әрі шыңдай түсіп, әлемдік додадарда өнер көрсетуді мақсат еткен. Батуттың синхронды секіру бағытын меңгерсем дейді. Өкініштісі сол, Өскеменде бұған жағдай жасалмаған.

Дәмелі Хамидуллина, акробат:

— Мына залды жөндеп берсе дейміз, төбесінен су ағады, және кішкене үлкейтсе, өйткені  көп балалар келеді, бізге орын жетпейді. Және төбе өте биік емес батутта секіргенде үлкендер кейде аяғымен тиіп кетеді төбеге.

Мына тұрған полиэтилен жабынды залдың бір бөлігін төбеден аққан тамшыдан қорғау үшін жаттықтырушылардың тапқан амалы. Күніне 80-нен астам жас акробаттар бұл жерде шынығып, жаттығады. Алайда, қабырғасы қақырап, шатыры сөгілген ғимараттың жағдайын көрер көз жоқтың қасы.


Спорт басқармасы мәселені шешуге ынталымыз, бірақ, қаражат тапшылығы қолбайлау деп ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр.

Серік Хәлелов, ШҚО спорт басқармасы бастығының орынбасары:

— Мысалы қазір залдар салынып жатыр ғой, хоккей залы, т.б біртіндеп салынды. Бір күнде бірден барлығы салынбайды ғой.

Арнайы спорт залдар салынып, оларды жабдықтау кезегін күтіп тұрғанда, батутта синхронды секірудің түрін меңгеру өңірде қалыс қалды дейді жаттықтырушылар. Себебі, қос батутты қатар орналастыруға мүмкіндік жоқ. Жалғыз залдың төбесі де талаптарға сай емес. Тиісті 11 метрді құрамайды. Салдарынан жаттығу кезінде батутта секірген спортшылардың төбеге соғылып, дене жарақатын алған жағдайлары да болған.