Өскеменде жасалатын қылмыстар 9,4 процентке кеміді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жасалатын қылмыстар 9,4 процентке кеміді

Өскеменде жасалатын қылмыстар 9,4 процентке кеміді

2003-жылдың алғашқы жартысында Өскемен аумағында 2212 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9,4 процентке кем. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өскемен қалалық ІІБ-нан хабарлады.

  • 9 Шiлде 2003
  • 702
Фото - Caravan.kz

Ал қылмыстық полицияның желісі бойынша жасалған қылмыстар саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9,6 процентке кеміді. Ауыр қылмыстар саны 56,7 процентке азайды. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында 1339 ауыр қылмыс тіркелсе, өткен жылдың осы мерзімінде мұндай қылмыстар саны 580 болған еді.

Жыл басынан бері экономика саласында 33 қылмыстық іс әшкереленді (2002-жылы бұл 32 болатын) , оның 13-і сотқа жіберілді, жемқорлық сипаттағы 3 қылмыс (2002-жылы 1) тіркелді.
Полицияның мәліметтеріне жүгінсек, жекелеген қылмыс түрлерінің саны артты. Атап айтсақ, пәтер тонау деректерінің саны 19 процентке (362-ден 431-ге дейін), қасақана денсаулыққа зиян келтіру дерегі 13,9 процентке (36-дан 41-ге дейін) , қоқан-лоққы жасап тонау оқиғалары 7,3 процентке (177-ден 190-ға дейін) артты.
Жалпы қылмыстық істер бойынша әшкерелену көрсеткіші 75,5 процентті құрады.
Мәлімет бойынша, жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстық істер саны 16,7 процентке азайды, осындай қылмыстардың жалпы көлемдегі үлес салмағы 8,7 процентті құрады. Кәмелеттік жасқа жетпегендер тарапынан жасалған қылмыстық істер 169 болды, ал өткен жылғы осы мерзімде бұл көрсеткіш 203 болған.
Шығыс Қазақстан облыстық ІІББ -ның уақытша оқшаулау орталығына кәмелеттік жасқа жетпеген 326 жасөсмпірім қамалды (2002-жылы 381 болған) , әкімшілік құқық бұзушылық дерегі үшін 845 жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде спиртті ішімдіктер тұтынғаны үшін және мас күйінде қоғамдық орындарға келгендігі үшін 478 жасөспірім жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар