Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті

Өскеменде «Валентина» автобус аялдамасының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Toyota Corolla тоғыз жастағы қызды қағып кетті. Бала жапа шекті, деп хабарлады yk-news.kz.

  • 17 Тамыз 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz

Оқиға жұма күні шамамен сағат 15.00-де орын алған. Полицейлер жүргізуші баланы байқамай қағып кетті деп болжап отыр.   Куәгерлердің айтуынша, соққының ауыр болғаны соншалық, тіпті жолдан өтіп бара жатқан оқушыны шамамен 7 метрге дейін лақтырып жіберген.  

«Жапа шеккен қызды ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер «жабық бас сүйек сынығы, қолдың жабық түрде сынуы және бетті соғуы диагноздарын қойды, — деді ІІБ баспасөз қызметінде. —   46 жастағы «Тойота» жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды, сараптамалар тағайындалды».

Сонымен қатар куәгерлер оқиғадан бір сағат өткен соң бұл жерде «ВАЗ» және «Тойота» көліктері соқтығысқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар