Caravan Logo

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті

Оқиға жұма күні шамамен сағат 15.00-де орын алған. Полицейлер жүргізуші баланы байқамай қағып кетті деп болжап отыр.   Куәгерлердің айтуынша, соққының ауыр болғаны соншалық, тіпті жолдан өтіп бара жатқан оқушыны шамамен 7 метрге дейін лақтырып жіберген.  

«Жапа шеккен қызды ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер «жабық бас сүйек сынығы, қолдың жабық түрде сынуы және бетті соғуы диагноздарын қойды, - деді ІІБ баспасөз қызметінде. -   46 жастағы «Тойота» жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды, сараптамалар тағайындалды».

Сонымен қатар куәгерлер оқиғадан бір сағат өткен соң бұл жерде «ВАЗ» және «Тойота» көліктері соқтығысқанын айтты.