Өскеменде жол үстінде өртенген көліктен жүргізуші әрең шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жол үстінде өртенген көліктен жүргізуші әрең шықты

Өскеменде жол үстінде өртенген көліктен жүргізуші әрең шықты

Өскеменде жолда кетіп бара жатқан көлік өртеніп кетті. Жүргізушісі қызыл жалынға оранған Нива ішінен әрең шығып үлгерген.

  • 14 Қараша 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

Оған не куәгерлер, не жолай өтіп бара жатқан өзге автокөліктегілер көмектесуге асыққан жоқ. Өрт сөндірушілер екі минутта жалынды ауыздықтағанымен, темір тұлпардың артқы нөмірі ғана сау қалған. Машинада от электр сымдарының тұйықталуынан шыққан көрінеді. Бүгін мұнда сондай-ақ, дәл осындай себеппен автотұрақта тұрған Фольксваген де жанып кеткен. Жыл басынан бері қалада қызыл жалынға оранған 173 көлік тіркеліпті. Құтқарушылар мұндай оқиғаларға көп жағдайда жүргізушілердің салғырттығы себеп деп отыр.

Марина Лискова, Өскемен қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

Жүргізушілердің көбі көлігін дер кезінде техникалық байқаудан өткізбейді. Өрт сөндіру баллонын да алып жүруге құлықсыз. Сөйтіп, өрт шыққан кезде не істерін де білмей қалады. Салдарынан көліктері қас-қағым сәтте күлге айналады.

Соңғы жаңалықтар