«»Өскемен жылу желілері» АҚ мәліметіне сәйкес, 30 қыркүйекте облыс орталығында 16 балабақша жылуға қосылды, ал 1 қазаннан бастап басқа да білім беру мекемелеріне жылу беріле бастайды», — деп хабарлайды әкімдіктегілер.
Дайындық актісі бар үйлерге де жылу беріле бастамақ. Өскеменде шамамен 1600 тұрғын үй бар, олардың басым бөлігі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті