Мұндай байқау өңірде алғаш рет өткізіліп отыр және бұл шара Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануының 15 жылдығына арналуда. Конкурстың мақсаты — қазақтың ауыз әдебиетіндегі ұлттық рухани мұра болып табылатын эпостық жырлар мен халық арасында кең тараған дәстүрлі қиссаларды жатқа айту арқылы ұлтымыздың жыраулық жадын жаңғырту, ана тіліміздің байлығын, оралымдары мен бейнелі көркем тіркестерін эпостық жырлар мен қиссалардағы оқиғалық суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі арқылы ұлтымыздың бай рухани қазынасын жас ұрпақ бойына сіңіру.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған бұл байқауға қатысушылар қазақ халқының эпостық жырлары мен дәстүрлі қиссаларын жатқа айтудан жарысады.