Өскеменде зираттың металл қоршауларын ұрлауды кәсіп еткен вандалдар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде зираттың металл қоршауларын ұрлауды кәсіп еткен вандалдар ұсталды

Өскеменде зираттың металл қоршауларын ұрлауды кәсіп еткен вандалдар ұсталды

Шығыс Қазақстан облыс орталығының ІІБ қызметкерлері жергілікті зираттың металл қоршаулары мен құлпытастарын ұрлаумен айналысқан жергілікті екі тұрғынды ұстады, деп мәлім етті ІІБ бастығы Амангелді Жілібаев.

  • 3 Маусым 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Ұсталғандардың біреуі – қала маңындағы Степное ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны, ол 17 жаста, Ушановское зиратынан металл құлпытастар мен қоршауларды ұрлаған. Екіншісі еш жерде жұмыс істемейді, 23 жаста, ол да осы зираттан шойын қоршаулар ұрлаған. Екеуі де қылмыстарын мойындады», — деді А. Жілібаев жұма күні ҚазТАГ тілшісіне.

Бұған дейін хабарланғандай, жыл басынан бері Өскеменде зираттарды қорлау әрекеттері көбейіп кеткен. Небәрі 5 айдың ішінде қаланың белгілі тұрғындарының, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің молаларынан металл қоршаулар ұрланғаны туралы 13 арыз түсті.