«Октябрь және Пионер су жиналғыларында біз бір жыл бойы 5 мыңнан астам сынама жүргіземіз. Өзеннен су тарту тіпті мереке және демалыс күндеріне қарамастан жүргізіледі. Су жиналғылардың бәрінде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде», — дейді Н.Дрождина.
Жалпы алғанда Өскемендегі ауызсу жағдайы барлық санитарлық талаптарға сай келеді, деп сендірді кәсіпорын өкілі.