Өскемендегі ең үлкен туды жел ұшырып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі ең үлкен туды жел ұшырып әкетті

Өскемендегі ең үлкен туды жел ұшырып әкетті

Өскеменнің іргесіндегі Ботпай тауының биігіне тігілген туды жел ұшырып әкетті.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 145
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлайды. 

Жергілікті жұрт «Қазақстан» деп атайтын мемлекеттік рәміздер кешенінде орналасқан политекс матасынан жасалған тудың ені — 12, ұзындығы 24 метрді құрайды. Сағатына 18 метр жылдамдықпен соққан жел, туды тұғырынан жұлып әкеткен.

«Ту алысқа ұшып кеткен жоқ. Қазір қатты жел туды тұғырына қайта ілуге мүмкіндік бермей тұр. Жел басылған соң, көк байрағымыз орнына қайта ілінеді»,-деді «Өскемен Тәртіп» коммуналдық қызметінің мамандары.


Соңғы жаңалықтар